$499.51 €525.83 ₽4.62
×

Павлодар облысына Украинадан әкелінген 100 сиырдан бруцеллез анықталды

AstanaTV
20.06.2014ж. 10:00
1157
Павлодар облысына Украинадан әкелінген 100 сиырдан бруцеллез анықталды

Павлодар облысына Украинадан әкелінген малдардың көзі жойылып жатыр. Ірі қара бруцеллезге шалдыққан. Індет әзірге 100 сиырдан анықталып отыр. Өңірлік ауыл шаруашылығы басқармасы бруцеллезбен ауырған малдардың бір легі жойылғаны туралы хабарлады.

Қазір ауру жұқтырған басқа малдардың да көзін жою мәселесі қарастырылып жатыр. Ауру табылған ірі қара Қазақстанға 2013 жылы әкелінген екен. Бұл күндері Атырау облысында да малдан жаппай бруцеллез анықталып жатыр.

Жыл басынан бері облыста ауру жұқтырған бір мыңдай бас ірілі-ұсақты мал анықталып, көзі жойылды. Ауру малдардың 95% Қызылқоға ауданынан шыққан. Ветеринар-мамандар үш бірдей ауылдағы малдың сыртқа шығуына шектеу қою керек деп дабыл қағуда.

Илхам ИБРАГИМ