Көлік салығының бір бөлігін арнайы қорға аударып, жол жөндеу жұмыстарына бағыттау керек. Мұндай пікірін Мәжіліс төрағасының орынбасары Дариға Назарбаева Батыс Қазақстан өңірінің жолдарын дамыту мәселесі қаралған «Нұр Отан» фракциясы жанындағы кеңесте білдірді.
Батыс Қазақстанның жолдары - еліміздегі проблемалы бағыттың бірі. Мұнда 30 жылдан астам жөндеу көрмеген жолдар өте көп. Маңғыстау облысындағы 90 шақырымдық Бейнеу-Ақжігіт автожолын қайта жаңғырту құрылысы шешілмей тұр. Депутаттар Астанадан Ақтауға тура апаратын жолдың жоқтығын айтып қалды. Жалпы батыс өңірдегі республикалық маңызы бар жолдардың мың жарым шақырымдай жүруге жарамсыз.
Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары "Нұр Отан" фракциясының жетекшісі:
Жыл сайын көлік иелерінен
100 млрдтан астам салық жиналады.
Осы қаржының бір бөлігін жол қорына аударуға болмай ма? Онсыз да салықтан түскен қаржы ортақ бюджетке түсіп жатыр. Әлеуметтік сақтандырудан түскен қаржы сияқты, қайда кеткенін білмей қаламыз. Жолдың маңыздылығын ескере
отырып, сол қаржының бір бөлігін бағыттауға болатын шығар.
Батыстың жергілікті
жолдарын жөндеуге биыл
30 млдр 300 млн тг бөлінген. Оның 16 млрд теңгесі республикадан бағытталды. Ал
кеңеске қатысқан Көлік және коммуникация министрі батыс өңірлердің жол жөндеуге бөлетін қаржысы мардымсыз деп сынады.
Жеңіс Қасымбек, ҚР Көлік және коммуникация министрі:
Батыс Қазақстан соңғы 3 жылда 300 млн теңге ғана бөлді. Яғни 1 шақырым жолға шығыны тек қана 2,8 млн теңге құрады. Бұл республика бойынша ең төмен көрсеткіш.
Дариға Назарбаева,
ҚР Парламенті
Мәжілісі төрағасының орынбасары
"Нұр Отан"
фракциясының жетекшісі:
Президент пен әкімдер жүретін маңызды трассалар, әрине, қатып тұр. Ал сол трассадан сәл ғана бұрылып, қалаға немесе аудан орталығына қарай барсаңыз, жолдың сапасыз екенін көресіз. Ал бастықтар жүретін жол, әрине, керемет
болады.
Айгүл ӘДЕПБАЙ