$524.75 €540.6 ₽5.12
×

Мәжілістің аграрлық мәселелер комитеті «Жайылымдық жер туралы» заң қабылдануы керек деді

AstanaTV
20.06.2014ж. 10:00
2043
Мәжілістің аграрлық мәселелер комитеті «Жайылымдық жер туралы» заң қабылдануы керек деді

Қазақстанда жайылымдық жерлердің 43% ғана кәдеге жарап отыр. Белгілі бір өрісті жыл сайын пайдалана бергендіктен, жер құнарсызданып барады. Мәжілістегі Аграрлық мәселелер комитетінің өкілдері, ауыл шаруашылығы мамандары мен ғалымдар дөңгелек үстел басына жиналып, осы мәселені талқылады. Олар Жер кодексіне өзгертулер енгізіп, жайылым туралы жеке заң қабылдануы қажет деген пікірде.

Бұл мәселеде мамандар халықаралық тәжірибеге сүйеніп отыр. Ұлыбритания мен Моңғолия мемлекеттерінде осындай заң бар. Ол елдерде бір жыл қолданылған жайылымдық жерлер келесі жылы өңдеуден өтеді. "Ал Қазақстанда ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерді құнарландыру жұмысы мүлдем жүргізілмейді", - дейді депутаттар.

Жексенбай Дүйсебаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Өкінішке орай, біз осы күнге дейін осы жерлерімізді толық қолданып келе жатқан жоқпыз, шындығын айту керек. Ең бастысы, ауыл шаруашылығы өнімдерінің ішкі жалпы өнімде тек қана 5-6% құрайды. Осының өзі дәлел деп ойлаймын.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ