$478.96 €533.03 ₽5.22
×

Футболдан әлем чемпионы Испания құрамасы топтық кезеңнен әрі аса алмады

AstanaTV
19.06.2014ж. 20:00
1357
Футболдан әлем чемпионы Испания құрамасы топтық кезеңнен әрі аса алмады

Футболдан әлем чемпионы Испания құрамасы топтық кезеңнен әрі аса алмады. Алғашқы кездесуде Нидерланд командасынан ойсырай ұтылған Висенте Дель Боскенің шәкірттері екінші ойында Чили футболшыларына 2-0 есебімен жол беріп, байрақты бәсекемен қош айтысты. Бүгін де бірқатар маңызды кездесулер өтеді. 

Бразилияда өтіп жатқан әлем чемпионатында 1/8 финалға шыққан екі ұжым белгілі болды. Олар Нидерланд және Чили құрамалары. Бүгін жасыл алаңға «Д» тобының командалары шығады. Алғашқы кездесуде Италия футболшыларына 2-1 есебімен ұтылып, жанкүйерлер сенімін ақтай алмаған Англия құрамасы Уругвай командасымен күш сынайды. Өз кезегінде Оскар Табарестің шәкірттері де бірінші ойында Коста-Рика құрамасына ұтылып ұпайсыз қалды. Сондықтан бұл ойында ұтылған ұжым, 1/8 финалға берілетін жолдамадан құр қалады.

Рой Ходжсон, Англия құрамасының бас бапкері:

Бізге де, Уругвай құрамасына да жеңіс ауадай қажет. Сондықтан кездесу тартысты өтетінін білемін. Аптап ыстыққа қарамастан, жоғары жылдамдықпен қимылдауға тура келеді. Футболшылар жауапкершілікті жақсы түсінеді. Оның үстіне жанкүйелер бізден тек жеңіс күтетінін білемін.

Ағылшындар сапында жарақат алған футболшылар жоқ. Өз кезегінде Уругвай командасы сапында ойыннан шеттетілген қорғаушы Максимилиано Перейро мен жарақат алған команда капитаны Диего Лугано алаңға шықпайды. Сондай-ақ, алғашқы кездесуге қатыспаған шабуылшы Луис Суарестің мәселесі әзірге белгісіз. Екі команда арасында кездесу Сан-Пауло қаласындағы «Коритианс» стадионында өтеді. Кездесуге қазылық жасайтын испаниялық Карлос Веласко Карбальо.

Самат ҚАНАҒАТОВ