Инфляция
дәлізі биыл 6-8 пайыздан 10 пайызға дейін ұлғайтылды. Бұл туралы Сенатта «2016-2018 жылдарға арналған
Республикалық бюджет» туралы заң жобасын таныстырған Ұлттық экономика
министрі Ерболат Досаев хабарлады. Алайда үш жылға арналған жаңа бюджет
жобасында инфляция деңгейі 2016-2017 жылдары 6-8% болады деп болжанып отыр.
Ерболат
Досаев, ҚР Ұлттық экономика министрі:
2015
жылы инфляция дәлізі 6-8 пайыздан 8-10 пайызға артты. Жылдық инфляция деңгейі
2020 жылы 3-4 пайызға дейін төмендей отырып, 2016-2017 жылдары 6-8 пайыз, 2018
жылы 5-7 пайыз, 2019 жылы 4-6 пайыз деңгейінде сақталады.
Сенаторлар Ұлттық экономика министрі мен Қаржы министрінен дипломатиялық миссиялар саны
қысқара ма деп сұраған. Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов, "бюджетті нақтылау
кезінде қысқарта аламыз", десе, Ерболат Досаев шетелде ашылған
елшіліктердің жабылмайтынын айтты. Айта кетейік, саны бар, сапасы жоқ
елшіліктердің жұмысын күні кеше ғана Президент сынаған болатын.
Ерболат
Досаев, ҚР Ұлттық экономика министрі:
Бізге
экономикалық жағынан қызық елдерде, сол жағынан ашылу керек. Дипломатия заңы
бойынша біз ашылған елшілікті ертең жаппаймыз. Елбасы айтқаны, ол айтқан
жаңа елшілік ашсаңдар, басқа жерлерде бізде осы экономикалық ынтымақтастығымыз
дұрыс болу керек деген сөзі. Сол жағынан енді Сыртқы істер министрлігі солай
ойлау керек. Алдына келгеннен кейін, неге ашамыз, дұрыс па, ертең ол жақтан ала
аламыз ба инвестицияны, келе ме деген, сондай тапсырма барлығымызға берген.
Айгүл ӘДЕПБАЙ