$524.75 €540.6 ₽5.12
×

Аймақтарға аударылатын мақсатты трансферттерді бөлу жүйесін жетілдіру керек

AstanaTV
20.06.2014ж. 20:00
1202
Аймақтарға аударылатын мақсатты трансферттерді бөлу жүйесін жетілдіру керек

Аймақтарға аударылатын мақсатты трансферттерді бөлу жүйесін жетілдіру керек. Өйткені қаржыны бағыттау кезінде жергілікті жердегі биліктің есебі мен Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің есебі сәйкес келе бермейді. Салдарынан артық қаржы бөлініп, ол игерілмей жатады.

Бұл жөнінде Есеп комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Жаңбыршин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлімдеді. Мекеме басшысы журналистермен кездесуге Парламент палаталарының бірлескен отырысы Есеп комитетінің есебін қабылдағаннан кейін келді. 

Қозы-Көрпеш Жаңбыршин, ҚР Есеп комитетінің төрағасы:

Аймақтарға бөлінетін мақсатты трансферттер көлемі өңірдің есебін ескермей бөлініп жатыр. Мысалы, жергілікті жердегі атқарушы органның салықтан түседі деген қаржысы Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің есебінен төмен болады. Айталық, жергілікті жерде келесі жылы оған 50 млрд теңге керек десе, ол сомманы уәкілетті орган 70 млрд теңге деп есептейді. Салдарынан аймаққа қаржы артығымен аударылады.

Айгүл ӘДЕПБАЙ