Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елімізге жұмыс сапарымен келген
Иордания Королі Абдулла II-мен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық,
инвестициялық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы
ынтымақтастықты дамыту жолдарын талқылады.
Нұрсұлтан Назарбаев пен
Абдулла II-ші халықаралық өзекті мәселелер жөнінде де пікір алмасты. Қазақстан
Президенті екі ел және олардың көшбасшылары арасында өзара сенімге негізделген
қарым-қатынас қалыптасқанын атады. Бұл ретте ол Иорданияның Таяу Шығыста
маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Абдулла II-ші Қазақстанға келуге шақырту
жібергені үшін Елбасына алғыс айтты. Еліміздің сириялық босқындар мәселесі
бойынша көрсеткен қолдауы үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа Иордан халқы атынан
ризашылығын білдірді.
Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ