$510.58 €571.8 ₽6.34
×

Үкімет жаңартылған энергия өндіретін 32 құрылғы сатып алуға 70 миллион теңгеден астам ақша бөліп отыр

AstanaTV
20.06.2014ж. 20:00
1359
Үкімет жаңартылған энергия өндіретін 32 құрылғы сатып алуға 70 миллион теңгеден астам ақша бөліп отыр

Азаматтардың «жасыл энергоорталықтар» орнатуға жұмсаған қаржысының бір бөлігін мемлекет өз мойнына алады. Бұл бағытта Үкімет жаңартылған энергия өндіретін 32 құрылғы сатып алуға 70 миллион теңгеден астам ақша бөліп отыр.

«Нұр Отан» партиясының «Жасыл экономика» бойынша сараптамалық тобы аталмыш қондырғыларды орнатуға ниет еткен азаматтарға көмек көрсету мәселесін талқылады. «Жаңартылған энергия көзін қолдану» туралы заң жобасына сай мемлекет осы бағытта жұмсалған қаражаттың тең жартысын субсидия ретінде қайтарады.

Елімізде 70-ке жуық елді мекенге орталықтандырылған энергия көзін жеткізу шығыны көп жұмыс деп танылып отыр. Жаңа технологияны 8 аймақта орнату көзделген. Ол Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстары. Қондырғының орташа бағасы 4 млн теңгеге бағаланды.

Айнұр Соспанова, ҚР ҚОСР министрлігі "Жасыл технологиялар және инвестиция тарту" департаментінің директоры:

Жеке тұлғалар өз қаражатына 5 квттан аспайтын қазақстандық жаңартылған энергия көзін өндіретін қондырғы алады. Төлемақы жүйесі орнатылып, іске қосылғаннан кейін төленеді. Әрі қарай азамат әкімдікке өтініш жазып, арнайы комиссия қондырғының іске жарамдылығын тексереді. Содан кейін өтемақы белгіленеді.




Азамат АЛДОҢҒАРОВ