$513 €541.16 ₽4.69
×

Қостанайда Валерия есімді сәби бір жарым жасында аурудан әбден зорығып өлді

AstanaTV
20.06.2014ж. 20:00
1427
Қостанайда Валерия есімді сәби бір жарым жасында аурудан әбден зорығып өлді

Еліміздегі балалар үйлерінде жетімдердің 30%-ның салмағы қалыптан төмен, 25%-ның дамуында тежелу бар, 20%-ы жүдеп-жадаған, 35%-ның қаны аз. Бұл есепті шығарған халықаралық «SPOON Foundation» ұйымы - жетім балалар мен «әлжуаз» деп сипатталатын отбасы балаларының тамақ рационын зерттейтін орталық.

Қоғамда жетімдер үйлері мен мүгедек балаларға арналған интернаттарда ғана емес, әке-шешесінің жанында жүрген кейбір балалардың тоя тамақ жемейтіні, неше түрлі дертке шалдықса да, емделмейтіні рас. Қостанайда Валерия есімді сәби бір жарым жасында екі өкпесі қабынып, бауыры мен бүйрегі жұмыс істемей, церебральді сал фонында іріңдеп, әбден зорығып өлді. 

Алмас Фазылахметов, учаскелік полицей:

Емханадан хабар түсті. Науқас баланы ауруханаға әкелуге көмектесіңіздер деп. Қыстыгүні болатын - жол жоқ. Келіп осы Вельш деген азаматшамен сөйлесіп, баланы ауруханаға апару керектігін айттық.

Юлия Вельш:

Никакой врач не настаивал. Никто не настаивал. Я сама лично вызвала скорую. Никто мне не приезжал. Никто не заставлял.

Бір жарым жасында алты-ақ келі болған Валерия расында ешкімге салмақ салмай кетті: оның туу туралы куәлігі де рәсімделмеген екен. Ертең 20.30 «Біздің уақыт» сараптамалық бағдарламасынан «Келіп, кеткені белгісіз періште» арнайы репортажын көріңіздер.  

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА