Ақтөбеде 111 жылдық тарихы бар
мешіт қайта жөнделіп, қасиетті жұма күні салтанатты түрде ашылды. Айтулы
шараға бас мүфти Ержан қажы Майемеров келді. Сонымен қатар Ресей мен
Өзбекстаннан да бірқатар қонақтар келген. Мешіт өткен ғасырдың басында, яғни
1903 жылы ашылған. Кеңес Одағы тұсында Алла үйінің біраз уақытқа жабылғанына
қарамастан, тәуелсіздік алған күннен бастап қайта жамағатты қабылдай бастады.
3
жыл бұрын қолға алынған жөндеу жұмыстарына 700 млн теңге қаражат жұмсалған.
Мешіттің ескі ғимаратына қосымша ретінде құлшылық ету бөлмесі, қонақ үй, медресе
мен діни қызметкерлерге жатын орын салынған. 300-адамдық мешіт ендігі жерде 3
мың адам сиятындай етіп қайта жаңартылды. Жобаның авторы - татарстандық Айвар
Саттаров.
Ержан Маямеров, Қазақстан
мұсылмандары діни басқармасының төрағасы:
Біссімиллаһ рахман раһим! Бүгін
ақ түйенің қарны жарылған қуанышты күн. Өйткені 111 жылдық тарихы бар мешіт
қайтадан жөнделіп, кеңейтіліп, бүгінгі таңда халықтың игілігіне беріліп отыр.
Мансұр
ЕСҚОЖИН