$506.21 €568.42 ₽6.3
×

Алдағы 4-5 жыл ішінде Қазақстанда төлем жүйесі толығымен ұялы телефон арқылы жүргізілуі мүмкін

AstanaTV
20.06.2014ж. 20:00
1200
Алдағы 4-5 жыл ішінде Қазақстанда төлем жүйесі толығымен ұялы телефон арқылы жүргізілуі мүмкін

Алдағы 4-5 жыл ішінде Қазақстанда төлем жүйесі толығымен ұялы телефон арқылы жүргізілуі мүмкін. Премьер-министр Кәрім Мәсімов осылай деп есептейді. Айтуынша, қазіргі несие карточкасымен есептесу үрдісі 10 жылдан кейін қалады. Ақпараттық -коммуникациялық технология қарыштап дамыған кезеңде, оның орнын қалта телефоны алмастырады. "Интернеттің адам өміріне дендеп енуі көп ұзамай осыған әкеледі" - дейді Премьер. 

Кәрім Мәсімов, ҚР Премьер-министрі:

Әлі шешім қабылдаған жоқпыз, бірақ мұндай ұсыныс болады. Қазақстанда төлем жүйесі ұялы телефон базасында іске асуға ауысады деп ойлаймын. Телефон арқылы қажетті затты сатып алуға, банкпен байланыс орнатуға болады. Ұлттық банкпен бірігіп, тиісті министрлікті тартып, депутаттардың қолдауымен алдағы 3-5 жылда осы бағытты жедел дамыту қажет.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ