$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Еуразиялық интеграция мен Украинадағы жағдайды талқылады

AstanaTV
23.06.2014ж. 10:00
1091
Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Еуразиялық интеграция мен Украинадағы жағдайды талқылады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы Еуразиялық интеграция және Украинадағы жағдайға қатысты мәселелерді талқылады. Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметі хабарлады.

«Екі ел басшылары Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы құрылып жатқан Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасы және интеграциялық әрекеттер турасында сөз қозғады. Сондай-ақ, кейбір халықаралық маңызды мәселелер мен Украинадағы дағдарыс та талқыланды», - делінген ақпарда. Бұған қоса, Назарбаев пен Путин жақын арадағы екі жақты байланыс пен келешек жоспарлардың тізімін реттеп, қарастырды.

Ақпаратқа сүйенсек, әңгімеге Ресей Үкімет басшысы Дмитрий Медведев те қатысқан.

Жұрағат БАМАН