$510.58 €571.8 ₽6.34
×

Али Хаменеи АҚШ-тың Ирак ішкі саясатына араласуына қарсы

AstanaTV
23.06.2014ж. 10:00
1309
Али Хаменеи АҚШ-тың Ирак ішкі саясатына араласуына қарсы

Иранның рухани көсемі Аятолла Али Хаменеи АҚШ әскерилерінің Иракка кіруіне қарсы.

Еске салайық, «Ирак және Левант ислам мемлекеттері» тобының жауынгерлері маусымның басында Мосул және Тикрит қалаларын басып алып, әскери іс-қимылдарды Бағдадқа бағыттайтындықтарын жариялап, елдегі жағдайды одан әрі ушықтырған болатын. Ирактық әскерилер аталған аудандардан бас сауғалап қашқан. Алайда, көптеген әскерилер тұтқынға алынды, экстремисттер, тіпті, кейбіреулерін азаптап өлтірген.

Хаменеидің айтуынша, бүгінде Вашингтон елдегі ахуалды қолға алып, билікке өз адамын қоймақ ниетте. Жалпы, Ирактағы жанжалға, елдің тәуелсіздігін жақтаушылар мен Құрама штаттар лагерлеріне қосылғысы келетіндер арасындағы қақтығыстар себеп болып отыр, - дейді Иранның рухани көсемі.

Айта кетейік, жуырда АҚШ президенті Барак Обама Иракка әскер жібермейтіндігін, есесіне тек 300 әскери кеңесші жөнелтілетінін мәлімдеген.

Али Хаменеи, Иранның рухани лидері:

Біз Америка Құрама штаттарының Ирактағы ахуалға бас сұғуына үзілді-кесілді қарсымыз. Елдегі болып жатқан жағдай сектанттық текетірес емес. Ирак халқының өз дағдарыстарын өздері реттей алатындай қауқары бар.

Жұрағат БАМАН

Алдыңғы жаңалық