Джон Керри өзінің Таяу Шығыс сапары
аясында Амманға табан тіреді. Бір күн бұрын ол Каирде Мысырдың жаңа жетекшісі
Абдель Фаттах ас-Сисимен кездескен болатын.
Айта кетейік, сайланған президентке
қолдау ретінде Вашингтон Мысырға қаржылай көмекті жандандырған. Дәлірек айтсақ, 572 миллион доллар бөлген.
Еске салайық, Мысырдағы дағдарыстан
кейін АҚШ пен Еуропалық одақ елге әскери-техникалық қолдауды тоқтатқан. Осы күнге дейін жыл сайынғы әскери көмек мөлшері 1 миллиард
300 млн долларды құраған. Джон Керридің осы сапары Ирактағы қақтығысқа
тұспа-тұс келіп отыр. Иракқа америкалық әскерилерді енгізу туралы мәселе
көтерілгенде, Джон Керри АҚШ тарапы әзірге бұндай қадамға бармайтындығын
хабарлады.
Жұрағат БАМАН