Спортта шек жоқ. Орал қаласындағы РУ-170-те 2 тәртіптік мекемесінде жазасын
өтеушілер қазақ халқының ұлттық ойындарынан бақ сынады. Алдымен, гір тасын көтерген сотталғандар аударыспақ ойынына құлшына
қатысты.
Абақтыға жылқы малын кіргізуге
болмайтын болған соң, жазасын өтеушілер бір-бірін арқалап, ойынды одан әрі
қыздыра түсті. Жеңіске жеткендерді ынталандыру
мақсатында ақшалай сыйлық та қарастырылған. Бірақ, жарысқа қатысушыларды
жүлдеден гөрі тума-туыстарымен кездесуге берілер мұрсат қызықтырған тәрізді. Өз
қарсыластарын оңай-ақ аударғандары, аяғының күшін сынап, армрестлингінде бақ
сынасты.
Тайман Қазиев, Орал қаласындағы РУ-170/2 түзету колониясы
бастығының орынбасары:
Жазасын өтеушілер мұндай шараларға белсене қатысады. Өйткені, уақыттары көңілді өтеді. Сонымен қатар, осындай
жарыстарға жиі қатысса, түрлі ынталандыру сыйлықтары беріліп, бостандыққа
мерзімінен ертерек шығуы да мүмкін.
Асылбек Байжазықов, жазасын өтеуші:
Бірінші орында денсаулық қой. Әрі осындай жерде отырған кезде денсаулық
керек. Онсыз болмайды. 65 көтердім, бірінші
шығып 65 көтердім. Енді бұдан да көп көтеріп жатыр адамдар. Тырысамыз ғой.
Еркін ҚАРИН