$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«КazSat-3» қыркүйек айынан бастап толыққанды жұмыс істей бастайды

AstanaTV
23.06.2014ж. 13:00
939
«КazSat-3» қыркүйек айынан бастап толыққанды жұмыс істей бастайды

«Байқоңыр»-дағы «Зенит-М» зымыран кешені Ресейден Қазақстан иелігіне өтеді. «Қазғарыш» басшысы Талғат Мұсабаев бүгін Үкімет сағатында осы кешен 2015 жылдан бастап Қазақстанның қолданысында болатынын мәлімдеді.

Қазір екі ел арасында ұшыру кешенін жалға алу келісімін тоқтату жайында құжаттар әзірленіп жатыр. Нысан 2015 жылдың қаңтарында отандық «Бәйтерек» компаниясына өткізу жоспарланып отыр.

Қазір Қазақстан кешенді игеру бойынша 49 маманды арнайы оқытып жатыр. Оқу курсы үстіміздегі жылдың желтоқсанында аяқталуы тиіс.

Сонымен қатар, «ҚазҒарыш» төрағасы «КazSat-3» жер серігі қыркүйекте өз жұмысын бастайтынын хабарлады. 28-сәуірде «Байқоңыр» айлағынан ұшырылған спутник еліміздің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қаржы үнемдеуді көздейді. Қазірдің өзінде «КazSat-2» спутнигі штаттық режимде нәтижелі жұмыс істеп отыр.

Есеп бойынша, қос спутник шет елдік байланыс операторлары қызметіне жыл сайын жұмсалатын 4 миллиардтай теңгені үнемдеуге септеседі.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ