Оңтүстік
Қазақстан облысында бір адам қырым қанды безгегін жұқтырды. Көкала дерті
Қазығұрт ауданы Ақбастау елді мекенінің тұрғынынан анықталған. Аудандық
ауруханаға жеткізілген 32 жастағы келіншектің мұрнынан қан тоқтамағасын, туыстары жедел жәрдем қызметін шақыртыпты. Бұдан бөлек дәрігерлер оның оң жақ
иығы мен сол қолы көгергенін байқаған.
Індет жұқтырған келіншектен бөлек тағы
тоғыз адам ауруханаға жатқызылды. Олардың екеуі - сырқатқа алғашқы көмек
көрсеткен медицина қызметкері. Өзгелері науқаспен жақын байланыста болған туған-туыстары.
Нұрлан
Темірбаев, Оңтүстік Қазақстан облысы ТЖД бас маманы:
Қазіргі
таңда кене шақты деген әйел азаматының жағдайы қалыпты ауыр, ол әлі күнге дейін
аудандық аурухананың жан сақтау бөлімінде. Ал онымен қатынаста болған алты азамат ауруханадан үйіне қайтарылған.
Бірақ дәрігерлердің бақылауында.
Айта кетейік, бұл осы жылға тіркелген алғашқы көкала дерті дәйегі.
Мамандардың
айтуынша, науқас үйінде мал ұстайды. Дегенмен, өз денесінен ешбір кене байқамағанын айтыпты. Төтенше жағдайлар
департаментінің өкілдері осыған сәйкес алдын алу жұмыстарына кірісіп кетті.
Төрт түлік малмен айналысатын азаматтарды
барынша сақтық шараларын сақтауға үндеді. Өйткені індет таратушы тас кене көп жағдайда көзге
түсе бермейді.
Айзада
ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ