$513 €541.16 ₽4.69
×

Елімізде тұңғыш рет Мемлекеттік қызметші күні аталып отыр

AstanaTV
23.06.2014ж. 20:00
1429
Елімізде тұңғыш рет Мемлекеттік қызметші күні аталып отыр

Бүгін елімізде тұңғыш рет Мемлекеттік қызметші күні аталып отыр. Кәсіби мереке былтыр жыл соңында Президент жарлығымен бекітілді. Халықаралық деңгейде бұл мереке Біріккен Ұлттар Ұйымының ұсынысымен 2002 жылдан бері аталып өтіледі.

Шенеуніктердің төл мерекесіне орай Астана әкімдігінде салтанатты жиналыс өткізіліп, қала басшысы Иманғали Тасмағамбетов бірқатар мемлекеттік қызметшілерді арнайы төс белгілерімен марапаттады. Сонымен қатар әкім атқарушы билік органдарының кейбір қызметкерлеріне алғыс хаттар табыстады. Мұндай марапатқа халық пен мемлекетке адал еңбек еткендер ғана лайық деді Иманғали Тасмағамбетов. Айта кетейік, қазіргі таңда 90 мыңнан астам қазақстандық мемлекеттік қызметші атанған. Олардың жартысынан көбі - әйелдер.

Иманғали Тасмағамбетов, Астана қаласының әкімі:

Ел мен жердің берекесі, елдің тыныштығы, халықтың тыныштығы, мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы біздің мойнымызда. Осыны естен шығармағайсыздар. Қайда жүрсек те, қандай жұмыста жүрсек те, елдің дамуы, өсіп өркендеуі бізге байланысты.