$518.97 €607.3 ₽6.64
×

АҚШ мемлекеттік хатшысы жоспардан тыс Иракқа ат басын тіреді

AstanaTV
24.06.2014ж. 10:00
1409
АҚШ мемлекеттік хатшысы жоспардан тыс Иракқа ат басын тіреді

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри жұмыс сапарымен Бағдадқа келді. Ол бұл туралы алдын ала хабарламаған. Сапар барысында ол Ирак премьері Нури Маликимен, басқа да саяси жетекшілермен кездесіп, қалыптасқан жағдайды талқыламақ.

Еске салсақ, соңғы кезде аймақта сүннит содырларының бас көтеруі жиілеп кетті. «Ирак пен Левант ислам мемлекеті» елдегі ірі қала Мосулды басып алған. Салдарынан Ирак билігі АҚШ-тан көмек сұрап отыр.

Бұдан бұрын Джон Керри Каирде «Ирак пен Левант ислам мемлекетінің» иделогиясы Иракка ғана емес, тұтас аймаққа қауіпті деген болатын. Әзірге, Вашингтон Ирак әскеріне көмекке 300 маман жіберуге дайын. Ал, әуе қорғанысына қатысты Ақ үй нақты жауап айтқан жоқ. Дегенмен, Керридің сапары кезінде Ирактағы ахуалға қатысты біршама мәселенің шешімі табылуы мүмкін.

Хусейн Карим
, Ирак азаматы:

Америка Әл-Каида және «Ирак пен Левант ислам мемлекеті» ұйымдарының аймақта үстемдік құруына жол бермейді. Оның Таяу Шығыс пен АҚШ-қа да әсері бар. Мен Джон Керридің сапары пайдалы болады деп ойлаймын. Ирак саясаткерлері де ұлтаралық келісімге келеді
, деп үміттенемін.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ