$526.81 €542.72 ₽5.16
×

Петропавлда қытай инвесторлары бірқатар ірі жобаны қаржыландырмақ

AstanaTV
01.07.2014ж. 10:00
1172
Петропавлда қытай инвесторлары бірқатар ірі жобаны қаржыландырмақ

Петропавлда қытай инвесторларының көмегімен балабақшалар мен автобан салынатын болды. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен Қытайдың Шэньси аймағынан келген делегация өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасасты. 2016 жылға дейін жеңілдетілген несие шеңберінде өңірде 10 мектепке дейінгі мекеме салынбақ. 320 орынға шақталған тағы бір құрылыс кешені жуық арада басталады деп күтілуде. Ауқымды құрылысқа Қытайдың теміржол корпорациясы инвестиция құймақ.

Тараптар мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде автожол салу жөніндегі келісімге де қол қойды. 68 шақырымды құрайтын автобан Петропавлды Ресей шекарасымен байланыстырады. Оның құны 120 млн АҚШ доллары деп бағаланып отыр. Аймақ тас жолға бағытталған қаржыны жоспарға сай 30 жылдың ішінде қайтаруы тиіс. Жол ірі жүк көліктері үшін ақылы болады.

Лю Чжаньхун, Қытай теміржол корпорациясы бөлім басшысының орынбасары:

Жаңа "Жібек жолы" экономикалық дәлізі құрылысының халықаралық стратегиясын қалыптастырудамыз. Солтүстік Қазақстан облысы оның қиылысында тұр. Сондықтан да, балабақшалар мен жол салу ісі әріптестікті нығайтуға жол ашады. Аталған екі жобаны Қазақстанда сәтті жүзеге асырамыз деп сенемін. Болашақта өзара әріптестікті күшейту, Петропавлда тұрғын үйлер салу жоспарда бар.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ