$513 €541.16 ₽4.69
×

Астанада Ауыл шаруашылығы министрлігінің департаменті экс-басшысының ісі бойынша соңғы сот отырысы өтті

AstanaTV
24.06.2014ж. 20:00
1875
Астанада Ауыл шаруашылығы министрлігінің департаменті экс-басшысының ісі бойынша соңғы сот отырысы өтті

Мемлекеттік айыптаушы 720 мың теңге парамен ұсталған Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұрынғы қызметкерін 6 жыл бас бостандығынан айыруды сұрап отыр. Бүгін Астана қаласының аудандық сотында Ауыл шаруашылығы министрлігі департаментінің экс-басшысы Мақсұт Бақтыбаевтың ісі бойынша соңғы сот отырысы өтті. Оған «лауазымын асыра пайдаланды» және «кәсіпкерлік қызметке кедергі келтірді» деген айыптаулар тағылып отыр.

ҚР Қылмыстық кодексінің 58-бабының 3-тармағына сәйкес 6 жыл бас бостандығынан айыруды сұраймын. Жаза жалпы тәртіптік түзету мекемесінде жүзеге асырылып, сотталушыны жеке мүлкінен айырып, мемлекеттік қызметтен 5 жылға шеттеуді сұраймын.

Алайда экс-шенеунік өзіне тағылған баптар бойынша кінәсын мойындамады. Бақтыбаев тіпті қаржы полициясы қызметкерлерінің жұмысын сынға алды.

Мақсұт Бақтыбаев, сотталушы:


Мен бұл істе жалғыз түсінбейтінім - қаржы полициясының ұстанымы. Іс агенттіктен басқа ешкімге қызықты емес сияқты. 

Экс-шенеуніктің қорғаушысы Сергей Деев іс толық тергелген жоқ  дейді. Оның пікірінше, іске қатысты тағы бірнеше тұлға сотқа тартылмай қалған. Адвокат қорғалушының ісінде қылмыс құрамы жоқ екендігіне сенімді. 


Сергей Деев, Мақсұт Бақтыбаевтың адвокаты:

Мен Бақтыбаев Мақсұт Бақытжанұлының іс-әрекетінде қылмыс құрамы жоқтығына байланысты ақтауыңызды сұраймын.

Алайда көпшілік күткен сот шешімі ақыры жарияланбады. Сот төрағасы оны сот кеңесінің басқа маңызды іс бойынша тығыз жұмысымен байланыстырды. Келесі отырыстың күні әзірге белгісіз.

Естеріңізге салайық, Мақсұт Бақтыбаев Ауыл шаруашылығы министрлігінің мал шаруашылығы департаментінің басшысы лауазымында парамен ұсталған болатын.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ