Иракта «ИГИЛ» тобының содырлары ауқымы
бойынша елдегі үшінші мұнай өңдеу зауытын басып алды. Араб ақпарат құралдары
зауыт күзетшілері 10 күндік шабуылдан кейін исламшыларға нысанды ұрыссыз берді,
деп хабар таратуда. Салдарынан мемлекетте жанар-жағармай тапшылығы туындап
отыр.
Еске салайық, соңғы кездері Иракта
суннит содырлары жаппай бас көтеріп жатыр. Олар елдегі ең ірі қалалардың бірі - Мосулды сондай-ақ, елдің басым бөлігін билеп отыр. Жағдайды тұрақтандыру үшін
Ирак билігі АҚШ-тан көмек сұраған болатын.
Жуырда елге келген АҚШ мемлекеттік
хатшысы Джон Керри Вашингтонның Ирак билігіне көмек ретінде 300 арнайы маманды
жіберетіні жайында мәлімдеді. Елді әуеден бақылау жөнінде әзірге Ақ үй нақты
жауап берген жоқ. Өз кезегінде Ирак саяси партиялары Америка әскерінің елдің
ішкі жағдайына араласуына қарсы.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ