$506.21 €568.42 ₽6.3
×

Америка билігі босқындардың Украина Шығысынан Ресейге жаппай көшіп жатқанына сенбейді

AstanaTV
25.06.2014ж. 10:00
1178
Америка билігі босқындардың Украина Шығысынан Ресейге жаппай көшіп жатқанына сенбейді

Америка билігі босқындардың Украина Шығысынан Ресейге жаппай көшіп жатқанына сенбейді. АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Мари Харф бұл ақпаратты шындыққа сай емес деп бағалады.

Алайда, Украин-Ресей шекарасындағы Изварино өткізу бекетіндегі мына көрініс жағдайдың шынайылығын көрсетеді. Шығыс Украина тұрғындары қарулы қақтығыс болып жатқан өңірлерді тастап жаппай көшуде. Көпшілік Ресейге бет алған. Көліктердің ұзын керуені бірнеше шақырымға созылады. Адамдар өткізу бекеттерінде өз кезектерін сағаттап күтуде.

Ресей Федерациясының төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, екі ел шекарасын күніне 10 мың адам кесіп өтетін көрінеді. Сондай-ақ, Еуроодақ Қырым тауарларының экспортына шектеу қойды. Қаулы 25 маусымнан, яғни, бүгіннен бастап күшіне енді. Одақ тек Украина сертификациясына ие тауарларды ішкі нарыққа жіберіп отыр.

Алайда Қырым билігі жергілікті шарап өндірушілер мен ауыл шаруашылығы кәсіпкерлерін жұбатып отыр. Бұл өңір үшін ең басты тұтынушы - Ресей болып қала бермек.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ

Алдыңғы жаңалық