Перу президенті Ольянта Умала билік қатарында
күтпеген өзгерістер жасады. Ел басшысының жарлығымен ішкі істер министрлігі,
сыртқы істер және көлік министрліктерінің басшылары ауыстырылды.
Өзгерістердің не себепті болғаны
қазіргі таңда ең қызу талқыланып жатқан тақырып. Умала билік еткеннен бері қатарынан үшінші рет ауыс-түйістер өткізіп
отыр. Мысал үшін, ішкі істер министрі соңғы 3 жылда 6 рет ауыстырылған.
Президент бұндай тұрақсыздық жайында әзірге ешқандай түсініктемелер бермеді.
Алайда, сарапшылар бұл өзгерістерді
Перу басшысының рейтингінің төмендеуімен байланыстырып отыр. Ағымдағы айда президент рейтінгі 21%-ға төмендеген.
Перуліктер арасында өткізілген сауалнама қорытындысы халықтың елдегі қылмысқа,
төмен экономикалық өсім жағдайындағы жоғары жемқорлыққа наразы екендігін
көрсеткен.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ