$513 €541.16 ₽4.69
×

Оралда бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды

AstanaTV
25.06.2014ж. 10:00
1791
Оралда бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды

Оралда екі қолға бір жұмыс іздеген азаматтар үшін бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге мыңдаған адам келгенімен, олардың ішінде техникалық білімі бар мамандарға сұраныс жоғары.

Қазір қаладағы 45 мекеме мен кәсіпорын 600-ге жуық жұмыс күшіне зәру. Осы бос жұмыс орындарының екі жүзі қыз-келіншектерге арналған. Жұмыс іздегендердің ішінде мұғалімдер мен дәрігерлер де жетіп артылады. Осыған дейін өткізілген бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өзінің тиімділігін көрсетіп, жыл басынан бері 300 адам жұмысқа орналасыпты. Ұйымдастырушылар жыл сайын кемінде 18 жәрмеңке өткізілетінін айтады. Күні бүгін Орал қалалық еңбекпен қамту бөлімінде мыңнан астам жұмыссыз тіркелген. Ал жалғыз жалақымен жан баққысы келмегендер өз ісін ашып, жеке кәсіппен де айналыса алады.

Марс Сатыбалдиев, Орал қаласы әкімінің орынбасары:

Жұмыссыз адамдар бізде бар. Жұмыссыздықпен күресу үшін осындай жәрмеңке де бар және де биылдан бастап, осы бағытқа бізде 80 млн тг бөлінді. Мына әрбір жұмыссыз адам өз шаруасын, өз ісімен айналыса алады.
3 млн тг беріліп, 6%-бен алады.

Еркін ҚАРИН