Қостанай
облысында үш күннің ішінде көктайғақтан
зардап шеккен тұрғындардың саны 500-ге жуықтады. Бұл
күндері өңірдегі жарақат бөлімшелерінің түгелі күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп
жатыр, - дейді денсаулық сақтау басқармасының өкілдері. Үш тәуліктен бері тек
қалалық ауруханаға үш жүзге жуық адам жүгініп, қатты зақым алған елу науқас
емделуге жатқызылыпты. Көктайғақтан жарақат алған адамдардың легі бүгін түстен
кейін бәсеңдеді,- дейді дәрігерлер. Алдағы күндері аяқ-қолдарынан мертіккен
алыс аудан тұрғындары облыстық ауруханаға жеткізіліп, ем-дом шаралары жасалмақ.
Болат
Сәдуақасов, Қостанай облыстық ауруханасының травматология бөлімшесінің
меңгерушісі:
3
күннің ішінде, енді былай салыстармалы түрде айтар болсақ, экологиялық катастрофа
секілді болды. Осыншама адамның жарақат
алуы бізде бірінші рет. Құлап-сүрініп, сынғандары бар, жарақаттанғандар саны
200-300-ден қазір облыс бойынша 500-ге дейін жетіп отыр. Көбісі жергілікті
жерлерде емделуде. Жол ашылған соң облыс орталығына жеткізілетін болады.
Ал
92 жастағы қостанайлық Ярослав
Харенко табаны таймайтын етік ойлап
тапқан. 30 жыл бұрын көктайғақта құлап қатты мертіккен қарт тұрғын, таймайтын
табанды өзі жасап шығарған. Кейін
Ленинград етік фабрикасына айрықша аяқ
киімді жаппай өндіру жайлы ұсыныс жасапты. Бірақ өнертапқыштың
өтінішін бұрын да, бүгін де ешкім ескермей отыр. Қалалық билік өкілдері
зейнеткерге қалталы азамттарға жүгінуді нұсқапты. Ал, көнекөз қария болса, көктайғақтан жарақат алып жатқан жандарға жаным ашиды, дейді.
Ярослав
Харенко, зейнеткер:
Мен Қостанай билігіне хабарласып, таймайтын табан
шығаруды ұсындым. Қазір қаншама
көпшілік көктайғақтан зардап
шегіп жатыр. Ал, олар болса, тек кеңес
берумен шектелді. Маған бизнесмен тауып,
ұсынысыңызды соларға жеткізіңіз дейді.
Заңғар САНАЙ