$526.5 €611.64 ₽6.72
×

ОҚО ауыл шаруашылық жерлері үй салуға заңсыз бөлшектенген

AstanaTV
25.11.2015ж. 20:00
1841
ОҚО ауыл шаруашылық жерлері үй салуға заңсыз бөлшектенген

Оңтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылық мақсатындағы 600 гектардан астам жер бөлшектеліп, тұрғын үйлер салынған.

Аймақ прокурорлары тексеру кезінде осындай заңбұзушылықтар анықтаған. Алқа мәжілісінде айтылған ақпарға сүйенсек, қаланың жаңа бас жоспарына сәйкес Төлеби, Сайрам және Ордабасы аудандарынан қосылған бірнеше елді мекен аумағындағы 500 гектарға жуық жер, ауыл шаруашылық мақсатында шамамен 5 000 учаскіге бөлшектенген. Айналдырған үш-төрт жылда ол телімдерге мыңға  жуық тұрғын үйлер тұрғызылыпты.

Рүстем Дүйсенбаев ОҚО прокуратурасының басқарма бастығы:

Бұл жағдайларға  жер қатынастары саласының жауаптылары салғырттық танытып, сызбаларда нақты көшелер көрсетілгеннін білсе де жерлерді бөлшектеуге ықпал жасаған. Одан басқа 75 гектар ауылшаурашылық жер аумағы бөлшектенбей-ақ жерді бизнестің көзіне айналдырып, ешқандай  құқық беретін құжаттарсыз ауылдастарына тұрғын үй салуға мүмкіндік берілген.

Жер саласында жалпы биыл 1 мың 318 заң бұзушылыққа жол берілген деді прокурорлар. 39 гектар аумаққа 452 тұрғын үй заңсыз салынған. 66 тұлға түрлі жауапкершілікке тартылған. Қазір 17 қылмыстық құқық бұзушылық бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.