Қазақстан
игі жақсы елдер тізімінде 80-орынға тұрақтады. Мәлімет Goodcountry.org сайтында
жарияланған. Қуантарлығы - біздің ел аталмыш тізімде Ресей мен Беларусьті артта
қалдырып отыр. Олардың бірі 82 орында, екіншісі 96 орынға табан тіреген.
Жақсы елдер рейтінгін саясат мәселелері бойынша тәуелсіз сарапшы Саймон
Антхольт құрастырды.
Әр ел ғылым және технология, мәдениет, ұлтаралық
бейбітшілік пен қауіпсіздік, әл-ауқат және теңдік, денсаулық санаттары бойынша
бағаланды. Қазақстан денсаулық санаты бойынша жоғары көрсеткішке қол жеткізді -
23 орын. Таңдау 125 мемлекет арасында жасалған.
Ең жақсы ел болып Ирландия
танылып отыр. Көш соңында Ливия. Мемлекеттер жалпы адамзат игілігіне қосқан
үлестері бойынша бағаланды. Құрастырушы БҰҰ мәліметтерімен қатар өзге де
халықаралық ұйымдардың берген ақпараттарынан қорытынды жасапты.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ