Ақ үй Украинаға өз бақылаушыларын
жібермек. Олар бітімгерлік келісімнің бұзылуы
деректерін бақылап отырады. Бұл туралы АҚШ вице-президенті Джо Байден
мәлімдеді.
Украина басшысы Петр Порошенко да шығыста тоқталған атыс ұзаққа бармауы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Билік тыныштықты арнайы құрылған жасақтар бұзуы мүмкін
дейді. Президент,
тіпті, шабуылдар қайталанса,
қарап қалмай, қарсы оқ атуға бұйрық берді. Десе де,
Украина басшысы Ангела Меркель, Франсуа Олланд және Владимир Путинмен телефон
арқылы өтетін келіссөздерге үміт артады. Төрт ел басшысы Украинадағы жағдай бойынша
кеше сөйлескен еді. Германия канцлері бұл келіссөздерді бүгін тағы жалғастыру
туралы ұсыныс жасады. Ал Ресей басшысы Украина шығысында атыс-шабысты 7 күнге
тоқтату аздық ететінін айтқан.
Еске сала кетсек, Владимир Путин
Федерация кеңесіне Украина аумағында Ресейдің қарулы күштерін қолдану туралы
қаулының күшін тоқтату туралы ұсыныс жасаған болатын. Бұл қаулыны Федерация кеңесі Шығыс Украинадағы қақтығыс
басталар шақта, наурызды қабылдаған-ды.
Владимир Путин, Ресей Федерациясының президенті:
Жай ғана бітімгерлік жариялау жеткіліксіз. Мәселелерді
көтере отырып, келіссөздерді бастау керек. Ал егер бізге бұдан әрі де міне
сендерге 7 күн уақыт бердік, осы 7 күн ішінде оқ атуды тоқтатып, қаруларыңды
тастау керексіңдер деп, өздері Украина шығысымен келісімге келмесе, барлығы
бекер болғаны. Онда ешқандай нәтиже болмайды.
Айгүл ӘДЕПБАЙ