АҚШ 40 жыл бойы қалыптасқан
қағидаларына өзгеріс енгізіп, мұнай экспортына рұқсат берді. The Wall Street Journal басылымы 70 жылдан бері алғаш рет
мұндай мүмкіндік Pioneer Natural Resources және Enterprise Products Partners
компанияларына берілді деп жазады.
Алғашқы тасымал жаздың соңына
белгіленген. Әзірге қара алтынның қандай көлемде экспортталатыны белгісіз.
Айта кетерлігі, АҚШ-та мұнайды сыртқа
шығаруға бұған дейін қатаң тыйым салынып келді. Тек
Канада ғана Америка қара алтынын кедергісіз алып отыр. Әкімшілік мұнай
экспортына деген шектеулерге жеңілдік жасағанымен, конгресс экспорт бойынша бір
жақты шешімге келген жоқ. Бұл тыйым бірінші кезекте мұнай өндірушілерге
тиімсіз. Өйткені,
ішкі нарықта қатпарлы мұнай бағасы қара
алтынның өзге түрлерімен салыстырғанда, 10 долларға төмен. Экспортқа рұқсат
беруді сұрап жүрген де солар.
Айгүл ӘДЕПБАЙ