Ақмола облысында өлексесі табылған
киіктердің мүйіздері қырқылған. Осы жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды деп,
облыстық ішкі істер департаменті хабарлады.
Еске салайық, кеше Ақмола облысында 73
киіктің өлексесі табылды. Қырылған жануарлар
Еңбекшілдер ауданынындағы Бауман елді мекенінен 25 шақырым жерде табылған.
Белгісіз жағдайда қырылған түз жануарларының өлекселері сараптамаға жөнелтілген.
Құқық қорғау органдары, киіктер арнайы
химикаттармен өңделген жазықта улануы мүмкін, деген алдын ала болжам жасаған
болатын. Жуырда Қоршаған орта және су
ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров Қазақстандағы киіктердің саны өткен жылмен
салыстырғанда, 37 пайызға көбейді деп, жағымды жаңалықпен бөліскен еді.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ