$513 €541.16 ₽4.69
×

Ақтөбеде сапасыз салынған су бөгеттері жан-жануарлар мен өсімдіктер санының күрт азайуына әсер етуде

AstanaTV
26.06.2014ж. 10:00
2451
Ақтөбеде сапасыз салынған су бөгеттері жан-жануарлар мен өсімдіктер санының күрт азайуына әсер етуде

Сапасыз салынған су бөгеттері жан-жануарлар мен өсімдіктер санының күрт азайуына тікелей әсер етеді. Ақтөбелік прокурорлар осылай деп дабыл қағуда.

Бүгінгі күннің өзінде тек Ырғыз ауданында 300-ге жуық өзен-көлшіктер құрғап қалған. Мемлекеттік бюджеттен 154 млн теңге бөлініп 2012-ші жылы салынған Қыл және Қожа су бөгеттері аптап ыстықтың кесірінен барлық мүмкіндігін пайдалана алмай келеді. Дегенмен, үлкен су келсе, төтеп беретін мүмкіндігі бар екендігіне прокурорлар күмән келтіреді.

Айтуларынша, су бөгетін тұрғызған құрылысшылардың тиісті лицензиясы болмаған. «Қаз су шаруашылығы» коммуналдық кәсіпорыны мердігер мекемемен тікелей келісім-шарт жасасып, құрылыс жүргізген. Осылайша еліміздің мемлекеттік сатып алу заңнамасын белшеден басқан көрінеді.

Мақсат Разбаев, «Қаз
Сушар» РМК Ақтөбе филиалының инженер-метрологы:

Су бөгеттері ерекше қорғауға алынған Ырғыз-Торғай қорығының су-батпақты ахуалын оңалтуға салынған. Яғни, құстар мен балықтарды сақтап қалуға.

Жауапты мамандар облыстағы суқоймалардың нақты санын да атай алмайды. Санақ жүргізуге бөлінген 15 млн теңге құмға сіңген судай жоқ болған. Есеп беру кезінде кеңестік кезеңде жасалған тізімді көрсете салған көрінеді. Қазіргі таңда осы заңбұзушылықтарға тиісті баға беріліп, іс қозғауға қаржы полициясына жөнелтілді, - деді прокурорлар.

Маратбек Мырзамұратов, Ақтөбе облыстық прокуратурасы І-ші басқармасының бастығы:

140 осындай бекеттің 72-де тиісті паспорттары жоқтығы анықталып отыр. Бұл өзінің болашақта техникалық кері әсерін тигізіп отыр. Себебі
, паспорттың болмауы, ол бүгінгі таңда сол бекеттің қаншалықты техникалық жағдайын көрсетіп отырады.

Мансұр ЕСҚОЖИН