$506.21 €568.42 ₽6.3
×

Қытай билігі дүниежүзілік банкке ұқсас 100 млрд доллар капиталы бар ұйым құруды ұсынды

AstanaTV
26.06.2014ж. 13:00
1214
Қытай билігі дүниежүзілік банкке ұқсас 100 млрд доллар капиталы бар ұйым құруды ұсынды

Шетел тақырыптарына ойысайық. Қытай дүниежүзілік банкке балама боларлық қаржы ұйымын құрмақ. Аспан асты елінің билігі серіктестеріне дүниежүзілік банкке ұқсас 100 млрд доллар капиталы бар ұйым құру туралы ұсыныс жасады.

Қытай басшылығының пайымынша, дүниежүзілік банк АҚШ пен оның серіктестерінің ықпалына жиі жығылады. Сондықтан, AIIB-Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкін құру керек деп санайды. Бұл идеяны 22 ел қолдап отыр. 10 ел арасында өзара түсіністік туралы меморандум да қабылданған. Жаңа банк жыл соңына дейін жұмысын бастайды деген жоспар бар.

Жаңа ұйымның алғашқы бастамасы - ұлы «Жібек жолын» жандандыру жобасы болмақ. Аталмыш хабармен бөліскен ақпарат көзі Қытай жаңа ұйым құрып, оны өзі басқармақ ниетте екенін айтады. Қытай билігі Азия даму банкі дүниежүзілік банк пен әлемдік қаржы қорына балама бола алмайды деп санайтын көрінеді.

Айгүл ӘДЕПБАЙ