$506.21 €568.42 ₽6.3
×

АҚШ бұған дейін оқшаулаған Иран қаржысының кезекті траншын жөнелтеді

AstanaTV
26.06.2014ж. 13:00
1174
АҚШ бұған дейін оқшаулаған Иран қаржысының кезекті траншын жөнелтеді

Иран ертеректе бұғатталған 4,2 млрд актив есебінен қос бірдей ақша аударымын күтіп отыр. Иран телеграф агенттігі ақпаратында осылай деп көрсетілген. Агенттік тілшісінің айтуынша, жуырда Иран Ислам Республикасы өздерінің шетел банктерінде бұғауда болған банк есепшоттарындағы қаржыларының негізгі бөлігін алады.

Шетелдік банктердегі қаржы Тегеранға қарсы экономикалық санкциялар кезінде бұғатталған-ды. Сейсенбіде Иран Ислам Республикасы ішкі саясат ведомствосы басшысының орынбасары Аббос Аракчи, жалпы көлемі 4 млрд 2 миллион долларды құрайтын осы активтердің алтыншы және жетінші бөлігі Үндістаннан Иранға аударылады деп хабарлады.

Бұл өткен жылдың қарашасында Иран билігі мен халықаралық делдалдық «алтылықтың» Ирандағы ядролық бағдарлама бойынша жасасқан келісімінен кейін мүмкін бола бастады. Иран сыртқы істер министрінің орынбасары: «Аударымдарды алу үрдісі жүйелі түрде жүруде және төлемдер жақын арада іске асады», - деді.

Еске салайық, Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің кезекті есебінде Ислам Республикасының Женева келісіміне мүдделі екендігін нақтылады. Есесіне, Иран бұғатталған 4 млрд 2 млн доллар активінен қаржыны 8 рет суырады.