$506.21 €568.42 ₽6.3
×

АҚШ-ның ішкі жалпы өнімі соңғы 5 жылда рекордты көрсеткішке төмендеді

AstanaTV
26.06.2014ж. 13:00
2617
АҚШ-ның ішкі жалпы өнімі соңғы 5 жылда рекордты көрсеткішке төмендеді

АҚШ-тың ішкі жалпы өнімі 2014 жылдың алғашқы тоқсанында 2,9% ға құлдырады. Мұндай бәсеңдеу соңғы 5 жылда тіркелмеген. АҚШ сауда министрлігі өкілдері берген мәлімет осыны аңғартады.

Ведомство дерегіне сай, құлдырау жеке инвестициялар мен экспорттың азаюы себебінен болған. Есесіне, АҚШ-да импорт көлемі ұлғайған. Статистикалық көрсеткіштер осыны дәлелдеп отыр.

Тағы да сол сауда министрлігі берген ақпарға сай, тауар экспорты мен қызмет көрсетулер қаңтар-наурыз айларында 9%-ға дейін төмендесе, импорт 1,8%-ға өсті. Bloomberg агенттігі таратқан ақпарға көз жүгіртсек, экономисттер жылдың алғашқы тоқсанында ІЖӨ-нің 1,8%-ға түсетінін болжаған еді. Алайда нақты нәтиже бұдан да нашар болып шықты. Reuters-тің атап өтуінше, сарапшылар бұған қолайсыз ауа райының да әсері барын жоққа шығармайды.

Еске салайық, өткен қыста АҚШ-ның шығысы мен орталық батысы қарлы боранның құрсауында қалды.

Алдыңғы жаңалық