АҚШ президенті сот алдында жауап беруі мүмкін.
Республикалық партия мүшесі, АҚШ конгресс өкілдерінің спикері Джон Бейнер
құрама штаттар президенті Барак Обамаға қарсы сотқа арызданбақ. Бұл жайында NBC
News хабарлайды.
Бейнер мемлекет басшысы қызметтік
лауазымын асыра пайдаланып, заңды белшеден басуда дейді. Алайда, президентті жоғары лауазымынан айыру мақсатым жоқ
деп қосты ол. Өз кезегінде Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джош Эрнест Обама заңды қатаң
ұстанатынын айтып ақталды.
Эрнесттің ойынша, Бейнер президенттің
саясатын қолдамайтындықтан, сотқа арыз беріп отыр. Ал палатаның демократиялық
партиядан сайланған төрайымы Нэнси Пелосидің ойынша, республикалық партияның
мүшесі жұртшылықтың назарын өзіне аудару үшін осындай қадамға барып отыр.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА