Шығыста аптап ыстық халықтың мазасын
қашырды. Кей жерлерде ауа температурасы +40
градусқа дейін көтерілді.
Сәуірдің аяғында қапалақтап қар жауып,
берекесі қашқан шығыс қазақстандықтар енді ми кептірер ыстықтан естері шығып
жүр. Ыстыққа шыдамаған бала-шаға қала көшелеріндегі су бұрқақта шомылса,
көпшілік өзен-көлдерді жағалап, жан сақтауда. Десе
де өңірдегі күн райы құбылмалы. Мәселен, кеше Семейде бұршақ
жауды. Ал, Өскеменде жерге тамшы түспегелі 15 күн болды. Ауа райын болжаушылар,
мұндай аптап әлі бірнеше күн сақталады, дейді.
Жанар Байқадамова, «ҚазГидромет» орталығы ШҚО филиалының жетекші
синоптигі:
Облысымызда жауын-шашын күтіледі. Бірақ, Өскеменде күн ыстық. Жауын-шашынсыз болады. Ал ауа түнде 15-20 градус болса, күндіз 35 градусқа дейін жетеді.
Қанат ОРАЛБЕК