$513 €541.16 ₽4.69
×

Қостанайлық оқушылар мұқтаж жандарға көмек қолын созды

AstanaTV
26.06.2014ж. 13:00
1351
Қостанайлық оқушылар мұқтаж жандарға көмек қолын созды

Жолақыдан тарықпа! Қостанайлық оқушылар тосын бастаманы қолға алды. Олар қаладағы автобус аялдамаларында елең еткізерлік хабарландыру жапсыруға кіріскен «Тиын жоқ деп қамықпа, жолақыдан тарықпа!» деген жазуларды Қостанайдағы автобус аялдамаларынан көруге болады. Хабарландырудың астында жапсырма қағазбен номиналы 1 теңгеліктер жапсырылыпты. Яғни, енді қоғамдық көлікке басы артық ақшасы болмай қалған адамдар, осы ақшаны қажетінше пайдалана алады.

Алайда, бұл акцияның ұйымдастырушылары кімдер екендігі және олардың не себепті ұсақ ақша таратпақ болғанын ешкім білмейді. Дегенмен, тиындары азайған хабарландыруларға қарап, жолаушылардың бұл мүмкіндікті мүлт жібермегендерін байқауға болады.

Оқушылардың ойлап тапқан бұл бастамасын құптаймыз. Өйткені, түрлі жағдайлар болып тұрады. Осылай қысылып қалғанда өте керек нәрсе.

Адамның күні адаммен деген рас қой. Кейбір кездері осындай ұсақ ақшаға да зәру болып қаласың.

Еркін ҚАРИН