$513 €541.16 ₽4.69
×

Мүсіншілер Өскеменде Абай мен Михаэлис ескерткіші неге алынғанын түсіндірді

AstanaTV
26.06.2014ж. 20:00
1646
Мүсіншілер Өскеменде Абай мен Михаэлис ескерткіші неге алынғанын түсіндірді

"Өскеменде Абай мен Михаэлиске қойылған ескерткіш жай ғана мүсіннің нобайы болатын. Оны бір күнге өлшеп, кем-кетігін бақылауға орнаттық". Дауға айналған ескерткіш авторлары бүгін осылай ақталды. Ғұмыры бір-ақ күнге созылған мүсін халықтың көңілінен шықпағандықтан, тұғырынан түсірілді. Мүсіншілер қазір мүсінді қайта өңдеп жатқандарын айтуда.

Владимир Самойлов, мүсінші:

Біз мүсінді өлшеп, өңдеу үшін орнатқан болатынбыз. Кем-кетіктерін көріп алғымыз келген. Енді міне кемшіліктерін көрдік. Сондықтан тез орнатып, тез алып кеттік. Қазір мүсінді өңдеу жұмыстары толық қарқынмен жүріп жатыр.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының таратқан мәліметі бойынша, мүсіншілерге әлі жұмыс үшін ешбір қаражат төленген жоқ. Себебі тапсырыс берушілер мүсінді қабылдамаған. Мүсіннің енді қашан дайын болатынын және қашан орнатылатынын ешкім дөп басып айта алмады. Айта кетейік, ескерткіш авторлары - Владимир Самойлов пен Евгений Непьянов.

Қанат ОРАЛБЕК




{.+