Дәл осы сәтте Елордада «Нұр сұңқар»
байқауы жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтіп жатыр. Сайысты кәсіби мереке
қарсаңында «төртінші билік» өкілдерінің мәртебесін арттыру үшін «Нұр Отан»
партиясы ұйымдастырған. Байқау жылдан жылға түрленіп келеді. Биыл жеті аталым бойынша журналистерге бір
млн теңгеден жүлде тапсырылмақ.
Атап айтсақ, «Ерекше пікір - ең үздік
телевизиялық журналист», «Сөз шебері - ең үздік баспасөз журналисі», «Аймақ
айнасы - ең үздік өңірлік тілші», «Қазақстандық журналистикаға қосқан үлесі»,
«Партия қызметі туралы ең үздік материал», «Көзқарас - ең үздік блогер» және
«Медиа-профи - ең үздік ақпараттық агенттік журналисі» аталымдары бойынша
марапатталады.
Бір сағаттың шамасында кім қандай жүлдені қанжығасына байлайтыны
толық белгілі болады. Бүгінгі өтіп жатқан салтанатты кештің ақпараттық демеушісі
«Астана» телеарнасы екенін еске саламыз.
Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ