$526.81 €542.72 ₽5.16
×

АҚШ кәсіпкерлері Ресейге қатысты санкция енгізуге қарсы

AstanaTV
27.06.2014ж. 10:00
1197
АҚШ кәсіпкерлері Ресейге қатысты санкция енгізуге қарсы

Құрама штаттар бизнесмендері Ресейге қолданылып отырған санкцияларға қарсы. Бұл ақпаратты «Файнэншл Таймс» таратты.

Мақала авторының ойынша, мұндай қадамдар АҚШ-тың еңбек нарығына қайшы. Осыған орай, АҚШ-тың ұлттық кәсіпкерлер қауымдастығы мен сауда-саттық палатасы мынадай қадамға барып отыр. Аталған ұйымдар жергілікті баспасөз беттеріне ойларын ашық айтып, санкцияларға қарсы екендіктерін жеткізді. Өз кезегінде ресми Вашингтон Ресейге қарсы жаңа санкциялар дайындап отыр. Дегенмен, АҚШ Еуропалық кеңес саммитінің шешімін күтеді.

АҚШ сарапшыларының пайымдауынша, Барак Обама бұл қадамға жалғыз бармайды. Ол өзінің еуропалық әріптестерінің қолдауына сүйенетіні сөзсіз. Әйтпесе, Еуропаның көмегінсіз санкциялар қатаң бола қомайды. Еуропалық кеңес те санкцияларды енгізуге асығатын емес. Өйткені, бұл шектеулер тек Ресейге ғана емес, Еуропа елдерінің экономикасына нұқсан келтіретіні анық.

Самат ҚАНАҒАТОВ