$526.81 €542.72 ₽5.16
×

Филиппин үкіметі Қытайдың ресми жаңа картасына наразылық білдірді

AstanaTV
27.06.2014ж. 10:00
1633
Филиппин үкіметі Қытайдың ресми жаңа картасына наразылық білдірді

Филиппин үкіметі Қытайдың ресми жаңа картасына наразылық білдірді. Шетелдік БАҚ өкілдерінің мәліметіне сәйкес, аталмыш картада осы күнге дейін екі мемлекет таласып отырған Оңтүстік Қытай теңізінің акваториясы аспан асты елінің территориясы етіліп көрсетілген.

Қытай суда Малайзия, Вьетнам және Филиппин мемлекеттерімен шекаралас жатыр. Көп жылдар бойы аспан асты елі: Оңтүстік Қытай және Шығыс Қытай теңіз аймағына байланысты Жапония, Филиппин және Вьетнаммен бір шешімге келе алмай отыр. АҚШ қандай да бір мемлекетті қолдамайтынын мәлімдеді. Десе де, Қытайдың өз еркімен шекаралас аймақтарды өз қарамағына қосып алуы аймақтағы жағдайды ушықтырып жіберуі мүмкін деп отыр.

Самат ҚАНАҒАТОВ