$526.81 €542.72 ₽5.16
×

Обама сириялықтарға көмек ретінде Конгресстен 500 млн доллар бөлуді сұрады

AstanaTV
27.06.2014ж. 13:00
1189
Обама сириялықтарға көмек ретінде Конгресстен 500 млн доллар бөлуді сұрады

Сирияның 11 миллион азаматы гумманитарлық көмеккке мұқтаж. Біріккен ұлттар ұйымы жүргізген зерттеу қорытындысы осындай.

Ұйымның бас хатшысының гумманитарлық мәселелер бойынша орынбасары Валери Амостың айтуынша, бұл көрсеткіш жарты жыл бұрын 1,5 миллионға кем болған. Оның сөзінше, оппозицияның қатаң қадағалауында отырған халықтың дәрі-дәрмек алу мүмкіндігі жоқ.

Өз кезегінде Ақ үй Сирия жауынгерлерінің қажеттіліктерін өтеумен әуре. Президент Барак Обама жауынгерлердің мұқтаждықтарына Конгресстен 500 миллион доллар бөлуді сұрап отыр. Бұл қаражат АҚШ-ның шет елдерде қарулы операциялар жүргізуіне бөлінген 65 миллиард 800 миллион доллар қорынан алынуы тиіс.

Америка президенті мамыр айында оппозицияның «ұстамды қанатына» қолдау көрсететінін мәлімдеген. Мәселе Сирияға бітімгер әскер жіберу жайында. Бұған қатысты өз кезегінде Ресей «АҚШ отқа май құйып отыр» деген болатын.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ