Тынық мұхитында АҚШ-ның тынықмұхиттық
флоты ең ірі «Римпак» жаттығуын бастады. Қазірдің өзінде Гавай аралдарының
аймағында 49 кеме, 6 субмарина, 200-ден аса ұшақ пен 23 елден келген 25 мың
әскерилер жиналған.
Әскери жаттығуға бұрынғы қорғаныс
министрі Леона Панеттің шақыртуымен биыл бірінші рет Қытай да қатысуда. Дегенмен,
екі ел арасындағы қарым-қатынас мәз емес.
Қорғаныс ведомствосының қазіргі
басшысы Чак Хейгел өзінің бір іс-сапарында «Әлемде күш қолдану арқылы
шекараларды өзгертуге болмайды» деп ашық түрде айтқан болатын. Оған жауап
ретінде қытай жағы Вашингтонға мемлекеттік ішкі істеріне араласпауға кеңес
берді.
Биыл Ресейдің жаттығуға шақырылғандар
тізімінде болмағанын атап өтейік. Ал, жаттығу шаралары 1-тамызға дейін
жалғасады. Айта өтейік, RIMPAC жаттығуы 1971 жылдан бері өткізіліп келеді.