$526.81 €542.72 ₽5.16
×

Шаруаларға жаңа үш жеңілдетілген несие берілетін болады

AstanaTV
27.06.2014ж. 13:00
1323
Шаруаларға жаңа үш жеңілдетілген несие берілетін болады

Мал басын көбейтемін деген шаруаларға тағы да жеңілдік. Ауыл шаруашылығы министрлігі «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында мал шаруашылығының барлық саласын дамытуға шебер жоспарлар дайындап қойған. Бұл жөнінде селекторлы түрде өткен министрліктің алқа отырысында айтылды.

Жаңа несиелік бағдарламаның басты ерекшелігі - кепілдік шарттары төмендетілген, талаптары оңтайландырылған және ұзақ мерзімді. Несиелеу мерзімдері жылқы шаруашылығында 10, ал ірі қара шаруашылығында 7 жылға дейін белгіленген.

Айта кетерлігі, шаруаларға несиесін қайтара алмаған жағдайда да жеңілдіктер қаралады. Арнайы сауықтандыру шаралары бекітілген. Ол арқылы несие шарттары жеңілдетулуі мүмкін.

Еркебұлан Ахметов, ҚР АШМ Мал шаруашылығы департаменті директорының міндетін атқарушы:

Кепіл түрінде сатып алынатын малдың өзі алынады. Және шаруаның өз меншігіндегі және жалға алған жері алынады. Кепілген. Барынша кепіл жағынан осы бағдарламалар оңтайландырылған. Техника мен құрал жабдықты сатып алуға 4%. Негізгі айналым қаражатын толықтыруға 7
%-ға дейін.

Айгүл ӘДЕПБАЙ