Алматының экс-әкімі Виктор Храпуновтың ұлы Ілиясқа халықаралық іздеу
жарияланды. Бұл жөнінде Интерполдың сайты хабар таратуда. 30 жастағы Ілияс
Храпуновқа ұйымдасқан қылмыстық топ құрды, заңсыз жолмен табылған қаржы мен
өзге де мүліктерді заңдастырды деген айып тағылуда. Интерпол Ілияс туралы
қандай да бір ақпарат білетін адамдардың ведомствоға хабарласуын өтінеді.
Айта
кетейік, бұған дейін Женева прокуратурасы Храпуновтар отбасының қаржылық
құйтырқылықтарға қатысы бар деген күдікпен тексеруді бастаған. Олардың шетел
банктеріндегі есеп-шотына бұғат салынды. Виктор Храпунов пен зайыбы Ләйла
Храпуноваға қатысты бас аяғы 24 қылмыстық іс қозғалған. Олар да Интерпол желісі
бойынша іздестірілуде.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА