Тәуелсіздік алған 23 жыл ішінде ел
Үкіметі бір де бір заң жобасының бастапқы мәтінін қазақ тілінде әзірлемеген. Ал
осы кезең аралығында екі жарым мыңға жуық заң қабылданыпты. Бұл жөнінде
Парламенттің қос палатасының жұмысы қорытындыланған бірлескен отырыста Мәжіліс
төрағасы айтты.
Бесінші сессия басынан бері Парламент
қарауына 154 заң жобасы енгізіліп, оның 104-і қабылданған. Президент 80 заңға қол қойған. Мәжіліс төрағасы үкімет
атына түзетулер мен толықтырулар енгізіліп әкелінетін заң жобаларының кейбірі
талаптарға сай емес деген сын да айтты. Заң жобасын әзірлеушілер тарапынан
ұлттық мүдде ескерілмей, көп жағдайда құжатқа шетелдік заң нормалары еніп кетеді, - дейді Қабиболла Жақыпов.
Сөйтіп, мәжілісмендердің алдына
шала-пұла жазылып келген өзгерістер мен толықтырулары бар заң жобаларының 43-і
үкіметке түзету үшін қайта қайтарылған. Алайда, бір де құжат қазақ тілінде
дайындалмағаны үшін кері қайтпаған.
Қабиболла Жақыпов, ҚР Парламенті мәжілісінің төрағасы:
Парламент заң жобаларын мемлекеттік тілде әзірлеп қабылдаса, бұл біздің
халқымыздың мүддесінен шығуға қосқан үлес болар еді. Көбіне заңдардың бастапқы
мәтіні орыс тілінде жазылып, артынан қазақ тіліне жаманды-жақсылы аударулу
себебінде мемлекеттік тілді жетік меңгерген заңгерлердің, түрлі сала
мамандарының тапшылығы айтылады.
Айгүл ӘДЕПБАЙ