$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Мемлекеттік хатшы Ақордада Қазақстан Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығы мен гранттарын табыстады

AstanaTV
27.06.2014ж. 20:00
1460
Мемлекеттік хатшы Ақордада Қазақстан Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығы мен гранттарын табыстады

Үздіктер Ақордада марапатталды. Бүгін Мемлекеттік хатшы Әділбек Жақсыбеков Қазақстан Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлығы мен гранттарын табыстады.

Президенттің сыйлығына биыл республикалық «Жас қазақ» газетінің бас редакторы Срайыл Смайыл, «Время» газетінің бас редакторы Лев Тараков лайық деп танылған. Ал Елбасы гранттары «КТК» арнасы мен «Қазақстан» Ұлттық арнасы тілшілеріне табысталды. Қазақстан Президентінің Алғыстары аймақтық «Айғақ» республикалық «Қазконтент» компаниялары мен «Коре ильбо» газетінің, сондай-ақ «Мир» телекомпаниясы қазақстандық филиалының шығармашылық ұжымдарына жарияланды.

Журналистерді кәсіби мерекемен құттықтаған Мемлекеттік хатшы Президент қойған мақсаттарға жету үшін Қазақстан халқын ұйыстыру, патриотизмді нығайту біздегі журналистиканың басты міндеті екенін атап өтті. "Қалыптасу кезеңінен табысты өткен саланың алдында соңғы әлемдік рендтерді ескере отырып, жаңару міндеті тұр", - деді. Еңбегі еленіп Елбасы сыйлығын иемденген әріптестеріміз отандық журналистиканың бүгінгі жетістігі мен ертеңгі жоспарлары жайлы ой бөлісті.

Срайыл Смайыл, "Жас қазақ" газетінің бас редакторы, Президент сыйлығының иегері:

Осыдан бес жыл бұрын БАҚ-на жұмысқа келген адамнан шет тілін білесің бе деп сұрамайтын. Қазір талап етеді. Бұл қазақ баспасөзіне де қатысты. Яғни біз де жаңа заман талабына бейімделуіміз керек. Тың үрдістерді игеруіміз керек. Азды-көпті еңбегімнің еленіп жатқанына қуаныштымын. Маған тілеулес болған азаматтарға, әріптестеріме ризашылығымды білдіремін.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА