$513 €541.16 ₽4.69
×

Алматыда «Хизб ут-Тахрир» экстремистік ұйымының 5 мүшесіне қатысты үкім шықты

AstanaTV
01.07.2014ж. 20:00
1310
Алматыда «Хизб ут-Тахрир» экстремистік ұйымының 5 мүшесіне қатысты үкім шықты

Алматыда «Хизб ут-Тахрир» экстремистік ұйымының 5 мүшесіне қатысты үкім шықты. Алмалы аудандық №2 сотының үкіміне сай олар бірнеше жылдан жаза арқалайды. Аталған бесеуге «әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, діни алауыздықты қоздырды», «экстремисттік әрекеттері мен терроризмді насихаттады» деген айыптар тағылды.

Тергеу дерегі бойынша, "Хизб ут-Тахрирдің" Алматы қаласындағы бөлімін басқарды деп танылған Мұхит Мұсақожанов жеті жарым жылға, Қуаныш Ботбаев - алты жарым, Асхат Сәрсембаев, Ерболат Оспанов пен Оңалсын Дүйсенбаевтар алты жылға сотталды.

Қуандық Ешімет, Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы:

Яғни «Терроризмді, экстремизмді насихаттау немесе террористік актісін жасауға жария түрде шақыру», осындай айыптар тағылып Мұсақожанов бастаған топ бас бостандығынан айырылды.

Айта кетейік, аталған ұйым Қазақстанда 2005 жылдан бері экстремисттік деп танылған. Ел аумағында «Хизб ут-Тахрир» ұйымының қызметіне тыйым салынған.

Маржан СЕРІКҚЫЗЫ