Бүгін АҚШ-та Бостондағы лаңкестік
әрекетке қатысы бар деп айыпталған қазақстандық студент Азамат Тажаяқовқа
қатысты сот отырысы басталады. Бұл туралы «ИТАР-ТАСС» агенттігі хабарлады.
Бірер сағаттардан кейін 20 жастағы Тажаяқовтың
тағдырын шешетін алқа билері іріктелмек, ізінше отырыс басталуы тиіс. Америка
заңдарына сәйкес, 12 алқа биі таңдалады. Ал, прокурорлар мен адвокаттарға сөз
кезегі 7-шілдеде тимек.
Еске салайық, осыдан бір жыл бұрын
Бостонда болған лаңкестік оқиғадан кейін екі қазақстандық студент тұтқындалды. Оларға күдікті Царнаевқа ықпалдасу дерегі бойынша айып
тағылды. Сот отырысы бірнеше рет кейінге шегерілген болатын. Тажаяқовтың әкесі Әмір Исмағұлов бұл жағдайды қазақстандық
студенттерге қатысты нақты айғақтардың болмауымен байланыстырған еді.
Илхам ИБРАГИМ